Құқық бұзушылықтың алдын алу үшін құқық қорғау органдарының жұмысы заманауи талаптарға сай болуы керек. Бұл орайда бейнебақылау жүйелерін кеңінен қолдану, полиция қызметкерлерінің кәсіби даярлығын арттыру және азаматтармен ашық қарым-қатынас орнату маңызды. Қоғамдық сенім құқық қорғау органдарының жұмысының сапасын арттыруға және құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Құқық қорғау органдарының бірі адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтының дербес рөлі азаматтарды құқықтық қорғаудың және сот төрелігін қалпына келтірудің мемлекеттік кепілдіктерін қамтамасыз етеді.
Амир Нурпейсов, қаланың белсенді азаматы.