Ұлытау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «ЖРВИ, тұмау және АПВ алдын алу шаралары” тақырыбында брифинг өтті. Брифингке Ұлытау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Елена Ткаченко және Ұлытау облысы Денсаулық сақтау басқармасының “Жезқазған қаласының емханасы” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары Олжас Нұрбаев қатысты.
Ұлытау облысы бойынша 2024-2025 ж.ж. эпидемиологиялық маусымының ағымдағы аптасында ЖРВИ-мен 308 жағдай тіркелді. 215 жағдай 14 жасқа дейін, 48-і жасөспірім жастағылар, өткен аптамен салыстырғанда сырқаттанушылардың өсуі байқалды. Сондай-ақ, Жезқазған, Сәтбаев қалаларында В типті тұмаудың зертханалық расталған 3 жағдайы тіркелді (14 жасқа дейінгі 1 бала, жасөспірім және ересек).
Қазіргі таңда облыс тұрғындарын вакцинациямен қамту облыс халқының 16,6% – құрады. Вакцинация 2024 жылдың 19 қыркүйегінен басталды, барлығы 37 000 доза сатып алынды, бүгінгі күнге дейін 37 000 адам егілді.
ЖРВИ, тұмау және АПВ алдын алу шаралары
