Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауы аясында колледж студенттерімен шағын отырыс өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – Мемлекет басшысы ұсынған стратегиялық бағыттар мен бастамалардың мән-маңызын жастарға түсіндіру, олардың ел болашағындағы рөлін айқындау.
Кездесу барысында Президент Жолдауында көтерілген негізгі басымдықтар, атап айтқанда, білім беру сапасын арттыру, техникалық және кәсіптік білімді дамыту, жастарды қолдау, еңбек нарығына қажетті мамандар даярлау мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар экономиканы әртараптандыру, әділетті қоғам қалыптастыру, заң үстемдігін қамтамасыз ету және әлеуметтік әл-ауқатты арттыру бағытындағы тапсырмаларға ерекше назар аударылды.
Отырысқа қатысқан студенттер Жолдауда айтылған бастамалардың өздерінің болашақ кәсіби дамуына, білім алу мүмкіндіктеріне және жұмысқа орналасуына тигізер ықпалы жөнінде пікір алмасты. Жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар беріліп, мемлекеттік бағдарламалар аясында ұсынылатын мүмкіндіктер туралы ақпараттар жеткізілді.
Іс-шара барысында Жолдауда белгіленген міндеттерді жүзеге асыруда жастардың белсенділігі мен жауапкершілігінің маңыздылығы атап өтілді. Білімді, білікті әрі отансүйгіш жас мамандарды даярлау – ел дамуының басты кепілі екені айтылды.
Кездесу соңында қатысушылар Президент Жолдауында қойылған мақсат-міндеттерді қолдайтындықтарын білдіріп, өз білімдерін жетілдіру арқылы ел дамуына үлес қосуға дайын екендерін жеткізді. Мұндай мазмұнды кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.




