2025 — Жұмысшы мамандықтар жылы
Қоғамның негізі — білікті жұмысшы
2025 жыл Қазақстанда Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Бұл бастама еліміздегі техникалық және кәсіптік білім беру саласын дамытуға, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға және өндіріс саласына жас мамандарды тартуға бағытталған маңызды қадам болып отыр.
Жұмысшы — экономика дамуының тірегі. Құрылысшы, дәнекерлеуші, электрик, механик, аспаз, тігінші, шаштараз, токарь, слесарь, жүргізуші сияқты мамандық иелері — күнделікті өміріміздің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін елеусіз, бірақ аса маңызды адамдар. Оларсыз ешбір кәсіпорын, мекеме, өндіріс орны жұмыс істей алмайды.
Мақсат — жұмысшы мамандықтарын танымал ету
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында бірқатар бағыттар бойынша жұмыстар атқарылуда:
Кәсіби бағдар беру — мектеп оқушылары арасында жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын түсіндіру, өндірістік кәсіптерге деген қызығушылықты ояту;
Білім беру жүйесін жаңғырту — техникалық және кәсіптік білім беретін колледждердің материалдық-техникалық базасын жаңарту, жаңа оқу бағдарламаларын енгізу;
Жастарды қолдау — дуальді білім беру жүйесін кеңейту, жастар практикасы мен шәкіртақы бағдарламаларын дамыту;
Мамандық иелерін марапаттау — үздік жұмысшыларды, шеберлерді, инженерлерді ел алдында таныту, олардың жетістіктерін дәріптеу.
Бүгінде техникалық және жұмысшы мамандықтар — ең қажетті әрі жоғары сұранысқа ие салалар. Жаңа технологиялар мен автоматтандырылған өндіріс ошақтары білікті жұмысшыларды қажет етеді. Сондықтан кәсіби шеберлік пен нақты іс-әрекетке негізделген мамандық иесі болу — тұрақты жұмыс, лайықты табыс және ел дамуына қосқан нақты үлес.
Жұмысшы — еңбек адамы. Ол — ел экономикасын ілгерілететін, кәсіпорындар мен зауыттардың, құрылыстар мен инфрақұрылымдардың іргетасын қалаушы тұлға. Заманауи жұмысшы — тек физикалық еңбек иесі ғана емес, ол — техниканы меңгерген, технологияны игерген, жаңа заман талабына сай бейімделген кәсіби маман. Жұмысшы мамандықтар жылы — еліміздегі техникалық бағыттағы мамандықтардың беделін көтеретін, жастарды нақты мамандық таңдауға ынталандыратын маңызды жыл. Бұл — еңбек адамына деген құрметтің, кәсібилікке деген сұраныстың, шынайы патриотизмнің белгісі.
Жұмысшы болу — болашаққа жол ашу!
Ел дамуы — еңбек адамының қолында!