Сәтбаев қаласындағы Абай атындағы №4 мектеп – лицейінің ғимаратында №45 және №46 референдум учаскелері орналасқан. Осы учаскелерге қалада тұратын екі бірдей ақын тіркелген екен. Олардың екеуі де Сәтбаев қаласының Құрметті азаматтары. Бір ғажабы, екеуі де дауыс беруге бір мезгілде бара қалыпты.
– Мен №45 учаскеге тіркелгенмін. Дауыс беріп болған соң, фотоаймаққа барып суретке түсейін десем, сол жерде Жақсылығым тұр екен – дейді қос ақынның бірі Мұса Тілеуов.
- Негізі көңіліміз бірдей адамдармыз ғой. Көптен бері хабарласпай кетіп едік, Мұсекеңді көріп , бір жасап қалдым – дейді екінші ақын Жақсылық Омаров.
«Отанымыздың тыныштығы үшін, еліміздің қарыштап дамуы үшін дауыс бердік. Елдің бірлігі –қымбат. Айналамызды көріп, біліп отырмыз ғой. Бейбітшілік заман, халқымыз әмәнда аман болсын!» дейді қос ақын ағынан жарылып.
Ақындардың ақ тілегі қабыл болсын!
Абдолла Дастан




