Сәтбаев қаласындағы Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайында орналасқан №48 референдум учаскесінде 90 жастағы Назига Тукаева әжей тіркелген екен. Жасының шау тартқанына қарамай учаскеге өзі келген ол дауыс беріп болғаннан кейін, көпшілікке арнап ақ батасын берді.
Елге амандық, жұртқа тыныштық тілеген әжей сөзін негізінен жастарға арнады.
– Бірлігіміз берік, берекеміз мол болсын. Жастарымыз елін сүйетін, жерін қорғайтын азамат болып өссін. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, болашағымыз жарқын болсын. Алла халқымызға амандық, елімізге бейбітшілік берсін! – деген Назига әжейдің ақ батасына қол жайғандар «Тілегіңіз қабыл болсын!» деп жатты.
Әжейге учаске атынан арнайы сыйлық табысталды.
Мейрамкүл Алпысбаева.




