«Ауыл Аманаты» бағдарламасының арқасында Жаңаарқа ауданының кәсіпкері, “АТAMURAD и К” СПК кооперативінің мүшесі Атамұрат Мердан өз арманын жүзеге асырды – жартылай фабрикаттар шығаратын жаңа цех ашты.
Бағдарламаның көптеген артықшылықтарының бірі – пайыздық мөлшерлемесінің төмендігі, – дейді кәсіпкер.
– “Ауыл Аманаты” бағдарламасы бойынша қаржыландыру арқасында цехке жаңа, заманауи жабдық сатып алуға мүмкіндік туды. Жергілікті бизнесті жан-жақты қолдап, көмек көрсеткен «ӘКК ҰЛЫТАУ» АҚ қызметкерлеріне алғысымды білдіремін, – дейді Атамұрат Мердан.




