«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұжым арасында арнайы челлендж ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстау, табиғатты аялау және тазалық мәдениетін қалыптастыру.
Челлендж барысында қатысушылар аумақты қоқыстан тазартып, сенбілік жұмыстарына белсенді атсалысты. Әрбір қызметкер табиғатты қорғау – баршамызға ортақ міндет екенін көрсетті.
Осындай игі бастамалар арқылы қоғамда экологиялық сана артып, туған жерге деген жанашырлық нығая түседі. «Таза Қазақстан» челленджі алдағы уақытта да өз жалғасын табады.




