Бүгін «Аманат» партиясы филиалының ғимаратында Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Шайжановтың төрағалығымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын іске асыруға арналған отырыс өтті.
Кездесу барысында 4 сәуір күні өткізілген жалпы қалалық сенбілік бойынша баяндама тыңдалып, тексеру нәтижесінде анықталған кемшіліктер мен проблемалық мәселелер айтылды.
Қала әкімі Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау барысында мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар басшыларының жауапкершілігін арттыру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына және белгіленген талаптардың сақталуына ерекше назар аударылды.
Отырыс қорытындысы бойынша әкім анықталған кемшіліктерді жою үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды және алдағы уақытта мұндай заңбұзушылықтарға жол бермеуді тапсырды.




