«Балалар үні» атты тақырыптық күніне орай ұйымдастырылған «Баланың әл-ауқаты – мемлекеттің қамқорлығы» атты тақырыпта Сәтбаев қаласы білім бөлімінің басшысы Акишбеков Берік Базылұлымен подкаст ұйымдастырылды. Басты идеология: әр бала маңызды! Бүгінгі подкастта ерекше маңызды тақырып қозғалды — оқушылардың жағдайы, дамуы және оларды қолдау мәселелері. Жай ғана білім туралы емес, болашақ жайлы әңгіме болды. Оқушы – мектептің жүрегі, ал оның жай-күйі – бүкіл білім беру жүйесінің айнасы. Бүгінгі подкастта балалардың білім алуына, қауіпсіздігіне, бос уақытын тиімді ұйымдастыруына, цифрлық сауаттылығына және ең бастысы – олардың өз дауысын естіртуіне байланысты маңызды мәселелер қозғалды. Олай болса, тыңдауда болыңыздар! Жаңа ой, нақты жауап, шынайы пікір – осы подкаста!