🇰🇿Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
✔️«Ақорда» резиденциясының алдындағы алаңда Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Республика күніне және Қазақстанның Егемендік туралы декларациясының қабылданғанына 35 жыл толуына орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті.
✔️Құрмет қарауылының бастығы Президентке рапорт берді. Содан кейін еліміздің Мемлекеттік туы көтеріліп, әнұраны орындалды.
✔️Мемлекеттік ту көтеру рәсімі барлық өңірде жалғасады.
t.me/aqorda_resmi
