🇰🇿🇦🇿Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

Жаңалықты бөлісіңіз:

🇰🇿🇦🇿Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

 

Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманды Астана әуежайынан күтіп алды.

 

Ертең президенттер келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Әзербайжан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысын өткізеді.

Мемлекет басшыларының кездесуі барысында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдету, сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелері талқыланады.

 

Сондай-ақ екі елдің президенттері өңірлік және халықаралық өзекті тақырыптар бойынша пікір алмасып, бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарлануда.

 

Қазақстан мен Әзербайжан – түбегейлі тарихи, мәдени және рухани тамырлары ортақ бауырлас елдер. Екі мемлекет арасындағы өзара сенімге негізделген берік байланыс соңғы жылдары жаңа серпін алып, стратегиялық деңгейге көтерілді.

 

Бұл сапар бауырлас халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, ортақ мүддеге сай жаңа мүмкіндіктерге жол ашатыны сөзсіз.

 

  1. t.me/aqorda_resmi

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *