⚜Жезқазғанда «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті

Жаңалықты бөлісіңіз:

⚜Жезқазғанда «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті

 

⚜Бүгін, 31 қазан күні, Қазақстанның барлық өңірлерінде бір мезгілде «Халық заңгері» атты кең ауқымды республикалық акция өтті. Аталған шараның мақсаты – халыққа тегін құқықтық көмек көрсету, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара сенімді нығайту.

 

⚜Жезқазған қаласында бұл акция Абай көшесі, 140 мекенжайында орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталығының №2 бөлімінің ғимаратында ұйымдастырылды.

 

⚜Іс-шара барысында заңгерлер, адвокаттар және мемлекеттік органдардың өкілдері қала тұрғындарына тегін құқықтық көмек көрсетіп, кеңес берді. Азаматтар еңбек, тұрғын үй, әлеуметтік қорғау, отбасылық қатынастар, кәсіпкерлік және өзге де құқық салалары бойынша өз сұрақтарына кәсіби жауаптар алды.

 

⚜Акцияға қатысушылар іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, мұндай жобалардың халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға зор үлес қосатынын жеткізді.

 

⚜«Халық заңгері» акциясының ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, Бас прокуратурасы, мемлекеттік билік органдары, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, сондай-ақ еліміздің үздік заңгерлері мен адвокаттары.

 

⚜Шара соңында тұрғындар ұйымдастырушыларға және мамандарға көрсетілген көмек пен пайдалы кеңестері үшін алғыстарын білдірді.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *