Астанада «Алтын сапа» сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі аясында жыл сайынғы «Іскер», «Парыз – 2023» арнайы сыйлықтарын марапаттау салтанаты өтті. Салтанатты іс-шара ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтті.
Биылғы жылы 221 кәсіпорын президенттік марапаттарға үміткер болса, Ұлытау облысынан екі кәсіпорын номинанттарға ие болды. Олар – «Ұлы дала» ЖШС және «Адал еңбек»ЖШС. «Іскер» сыйлығы өз қызметінде табысқа жеткен, өз тауарларын үнемі жетілдіріп отыратын және оның сапасын жақсартатын компанияларға беріледі. «Парыз» наградасы жұмыста және корпоративтік әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаттарын іске асыруда барынша жоғары нәтижелерге қол жеткізген үміткерлерге беріледі. Ұлытау облысынан «Іскер» сыйлығын Бас директоры Шауенова Сәуле Бақтайқызы болып табылатын «Ұлы дала» ЖШС кәсіпорны алды, Бас директоры Шауенова Сәуле Бақтайқызы. Смағұлов Жеңіс Қанатұлы басшылық жасайтын «Адал Еңбек KZ» ЖШС Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша жыл сайынғы республикалық конкурстың «Күміс» сыйлығына ие болды. «Адал Еңбек KZ» ЖШС құрметті «Күміс» алды. Сондай-ақ, Лариса Гелисханова («Гелисханова» ЖК) республика бойынша 27 үміткердің арасында Ұлытау облысынан «Қазақстанның Үздік Тауары» республикалық байқауының финалына шықты. Біз барша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтап, табыстан табысқа жете берулеріне тілектестігімізді білдіреміз.
А.ДАСТАНОВ