Ұлытау облысы әкімдігі ғимаратының қабырғасына Қажымұрат Ыбырайұлы Нағымановқа арналған ескерткіш тақта орнатылды.

Тақтада : “Осы ғимаратта белгілі мемлекет және қоғам қайраткері , Шығыс Қазақстан , Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімі , Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі болған ҚАЖЫМҰРАТ ЫБЫРАЙҰЛЫ НАҒЫМАНОВ 1994-1996-жылдары Жезқазған облысының әкімі қызметін атқарған” деп жазылған. Тақтаны ашу салтанатына облыс ардагерлері, қоғам өкілдері және Қ.Нағымановтың әріптестері, отбасы қатысты.
Салтанатты сәтте Ұлытау облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы А.Ыдырысов, 1996-1997 жылдары Жезқазған облысының әкімі болған Е.Смайылов, сондай-ақ , Қ.Нағымановпен бірге қызметтес болған Қ.Сәдуақасов, Б. Жексембин, Ұлытау облысы Ардагерлер Кеңесінің төрағасы С.Қожамсейітов қайраткер тұлғаның тағылымды өмір жолы туралы жылы лебіздерін білдірді. Әнші Серік Оспанов әннен шашу шашты.
2 маусымда Қажымұрат Ыбырайлы тірі болғанда 76 жасқа келер еді. Өкінішке қарай, ол дүниеден көшкелі де екі жылға жуықтап қалды.
Ескерткіш тақта орнатылған соң қайраткердің рухына арналып дәм беріліп, Құран оқылып, дұға бағышталды.
Абдолла Нұртауұлы.