ШАДЫМАН ШАТТЫҚ  СЫЙЛАҒАН КҮН

Жаңалықты бөлісіңіз:

Мереке жаңғырықтары

ШАДЫМАН ШАТТЫҚ  СЫЙЛАҒАН КҮН

Қай мамандық иесі болсын жыл айналып келетін кәсіби мерекесін  асыға күтеді. Бұл өткенге есеп беретін , ертеңге жоспар жасап көретін де сәт.Әрине, жыл бойғы еңбектің қалай бағаланатыны да маңызды. Биыл Сәтбаев қаласында Бұқаралық ақпарат қызметкерлерінің мерекесі жоғары деңгейде тойланды. Бұл ретте мерекені барынша мазмұнды да мәнді өткізіп, кәсіп иелеріне неғұрлым көтеріңкі көңіл –күй сыйлауды басты мақсат тұтқан қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Аманкелді Құрақбай мен бөлімнің бас маманы Лаура Байзаққызының ойластырғандары келгендердің ойларынан шықты.  Тойға жиналғандар көл – көсір құрметтің теңізіне шомылып қайтты.

Жас жетігеншілердің өнерлері қандай?! Көріп тұрып қуанасың, сүйсінесің? Өйтпегенде ше? Әдетте «қазіргі балалар жеңіл музыкаға әуес» деп жатамыз ғой. Ал, жетіген аспабы тарихтың талай қиын –қыстау кезеңдерін басынан өткеріп, 70-жылдары ғана тасадан жарыққа шығарылғанын ескерсек, сол аспаптың құлағында енді қазақтың өрімдей балапандары ойнап отырғанын көргенде, бұған  сүйсініп қана қоймай, ұлтымыздың ертеңін көргендей де боласың.

Алаш ардақтыларының бірі Міржақып Дулатұлы «Қай жұрттың баспасөзі мықты болса, сол елдің өзі де күшті» деген екен. Әр газеттің, телеарна мен радионың өзінің үні, халыққа, оқырманға ұсынатын дүниесі бар. Не жазылды, не көрсетілді? Мұны бағалайтын  – оқырман мен көрермен. Бұқаралық ақпарат құралдарын бір – бірінен бөле –жара қарау дұрыс емес. Астанадағының бәрін   асқақ, жергіліктілердің бәрін жасқаншақ санауға болмайды. Бәрінің де қолында қаламы, микрофоны бар. Мәселе, табиғи таланты мен ойының ұшқырлығында, ойындағысын қалай жеткізе білуінде. Сәтбаев қаласындағы бұқаралық ақпарат құралдары да, журналистері де елдің, қоғамның тыныс –тіршілігін жан –жақты көрсетуге келгенде ешкімнен кем түсіп жатқан жоқ. Олардың сол еңбектері салтанатты түрде әртүрлі номинациялармен атап өтілді. 

Айталық, «Аймақ ақшамы» – «Күміс қалам», «Шарайна» газеті  -«Шаңырақ», «Aqsham» телеарнасы  – «Үздік ұжым» ​номинацияларын иеленіп, олардың әрқайсына  -100 мың теңге сыйақы берілді. Бұл номинацияларды Ұлытау облысы Қоғамдық даму басқармасының басшысы Д.Мұхан табыстады. 

Қала әкімінің міндетін атқарушы А.Сауқымовтың құттықтау лебізі марапаттау салтанатына ұласты. «Aqsham» телеарнасының техникалық қызметкері Роза Бекжігітова Сәтбаев қаласының Құрмет грамотасымен марапатталды. 

Биылғы марапаттау кезінде қаладағы газет, телеарналардың ардагер тілшілеріне, қызметкерлеріне айрықша құрмет көрсетілді. 

Олардың арасында мереке қарсаңында «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған Ізтай Белгібай, Сәтбаев қаласының Құрметті азаматтары Майра Жаппасбаева, Абдолла Дастанов,  ардагер тілші Маргарита Гринь, «Шарайна» газетінде көптеген жылдар бойы корректор болып еңбек еткен Рашида  Орынбаева мен газеттің машинисткасы болған Сәуле Оспанова болды.

-Мынау бір тамаша күн болды. Көптен бері кездеспеген таныстарды жолықтырдық. Бұрын мұндай іс –шараға шақырылмайтын едік. Бізді елеп – ескеріп, құрметтеген азаматтарға деген  шынайы алғысымыз да шек жоқ –дейді Сәуле мен Рашида бірімен бірі жарыса рахметтерін жаудырып.

Шынында да, БАҚ саласында болсын,басқа салада болсын бұрын еңбек еткен , тер төккен кісілерді ұмытпаған жөн. Сондай –ақ, саланың өмірден өтіп кеткен майталмандарын да мереке үстінде еске алып жатса тіпті ғанибет емес пе? Қалалық ішкі саясат басшылығына бұл орайда тағы да арнайы алғыс айтатын болсақ та  артығы болмас еді. Өйткені, кезінде қалада «СТА» телеарнасы жұмыс істеді. Осы арнадағы Мейрамкүл Зәкірқызы Сейітмағзұмованың хабарлары, оқиға орындарынан жүргізетін репортаждары көптің есінен шыға қойған жоқ. Оның халқына бергенінен берері көп еді. Амал не, өмірден ерте өтіп кетті. Мейрамкүлдің рухын еске алып,арнайы сыйақы тағайындау – өткенге деген құрметтің ерен үлгісі. Бұл номинацияны тапсыруға Мейрамкүлдің қызы Нарғыздың шақырылуы да оңды болды. Бұл номинациягазет , телеарналарда еңбек ететін 7 қызметкерге берілді. 

Журналистика саласында жүрген қарымды журналистер жеткілікті. Дегенмен, «жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, бір – бірінен мәреге  мойын оздырып жеткен жүйріктерге  Сәтбаев қаласы әкімдігінің арнайы номинациялары тағайындалған еді. Бұл номинацияны  Сәтбаев қаласы мәслихатының төрағасы Қайрат Маратұлы Балмағамбетов тапсырды. Ал, номинациялар кімдерге бұйырды? Жүйріктердің арасында Жанабекова Наргиз Бабырқызы, «Aqsham» телеарнасының тілшісі (орыс редакциясы)​- «Телеарнаның үздік тілшісі», Шахаева Марал Ақансеріқызы,«Шарайна» газетінің  тілшісі – «Баспасөздің үздік тілшісі», Алпысбаева Мейрамкул Саяжанқызы ,«Шарайна» газетінің жауапты хатшысы – «Үздік БАҚ қызметкері»,Төлегенова Алтынгүл Мәжікенқызы, «Aqsham» телеарнасының бас редакторы – «Үздік редактор», Қожахметов Құрмет Бекенұлы, «Aqsham» телеарнасының аға видео-операторы​- «Үздік оператор»,Кәрімова Құндызай Ерланқызы, «Aqsham» телеарнасының видео редакторы -«Үздік монтажер»,Сембаева Мадина Төлегенқызы,«Шарайна» газетінің дизайнері -«Үздік дизайнер» атанды. Жеңімпаздарға әкімнің Алғыс хаттарына қоса 100 мың теңге мөлшеріндегі сыйлық қоса берілді. 

Бұқаралық ақпарат құралдарында қызмет атқарған және әлі де  жұмыс істейтін бір топ қызметкер де қала әкімінің Алғыс хатын иеленді. Олардың арасында ТКШ ЖКжАЖ бөлімінің баспасөз хатшысы Ильясова Нурия , «Аймақ ақшамы» газетінің  дизайнері Кабиева Венера, Ұлытау облысы Қоғамдық кеңестің хатшысы, ардагер журналист Оңғарбаева Светлана, «Казахстанская правда» газетінің  Ұлытау облысы бойынша меншікті тілшісі Пулина Юлия, Сәтбаев қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Сапарбек Назерке болды.


Сонымен, тағы бір мереке кейін қалды. Жоғары деңгейде тойланды. Жүрекжарды шынайы құрмет көрген кезде, көңіл көркейіп сала береді ғой. Шадыман шаттыққа толы күннің орасан жауапкершілік жүктейтінін де ұмытпайық. «Сыйға -сый» демей ме?

Абдолла Нұртауұлы.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *