
“Ұлытау облысы қоғамдық даму басқармасы” ММ “Қоғамдық келісім” КММ Қазақстан халқы Ассамблеясының Журналистер клубында өткен салтанатқа аймақтың бір топ журналистері қатысты. Жиынды Ұлытау облысы Қоғамдық даму басқармасының басшысы Дархан Мұхан қысқаша сөз сөйлеп ашты.
– Біз сіздерді құттықтаудан да, марапаттаудан да шаршамаймыз – деп сөзіне әзіл қоса құттықтаған ол бұдан соң аймаққа танымал қос журналиске тиісті марапаттарын табыстады.
«Жезказганский вестник» газетінің қызметкері Валентина Одинцова көп жылдардан бері журналистика саласында еселі еңбек етіп келеді. Оның сол еңбегі ескеріліп, оған «Еңбек ардагері» медалі тапсырылды.
Ал, Ізтай Белгібаевты аймақ халқы өте жақсы біледі. Қаламы ұшқыр журналист қашан болсын ақпараттың алдыңғы шебінен көрініп жүреді. І.Белгібаев «Қазақстан Республикасы Ақпарат саласының үздігі» атағына әбден лайық.
Д.Мұхан барша журналистер қауымына сәттілік, шығармашылық сәттіліктер тіледі.
А.Нұртауұлы.
