ЖЕҢІС ҚАҺАРМАНДАРЫНА ТАҒЗЫМ

Жаңалықты бөлісіңіз:

Сәтбаев қаласы. Сағат 10.00. Жеңіс саябағы.
Қала басшылығы, тыл және еңбек ардагерлері, қоғам өкілдері осында жиналды.Жылдағы дәстүр жалғасын тапты. Ұлы Жеңістің 79 жылдығына байланысты саябақтағы Мәңгілік алау жанында Жеңіс жауынгерінің ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Бұл – сұрапыл соғыс өрті шарпыған жылдарды бастан өткерген ұрпаққа деген Мәңгілік Тағзым еді.
Өткенсіз бүгін, бүгінсіз болашық жоқ. Кешегі тарихты ысырып тастауға болмайды. Бес жылға созылған соғыстың тақсіретін тартпаған қазақ шаңырағы бар ма?Аталарымыз, әкелеріміз майданда кеудесін оққа тосты, ал, тылда қалғандардың жанқиярлық еңбегі ше? Осыны қалай ұмытуға болады? Бұл күн баршамызға Бейбіт өмір сыйлаған қасиетті де қастерлі мереке. Жеңіс қаһармандарына тағзым етеміз, бейбіт өмірімізді мерекелейміз!
Кеуделеріне көк лента тағынған әртүрлі ұлттар мен ұлыстардың өкілдерінің бірге қатар сап түзеп, гүл шоқтарын қойып, тағзым жасаулары еліміздегі бірлік пен тұтыастықты, ынтымақты танытқандай еді.
Жеңіс мерекесі құтты болсын!

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *