Ұлытау ауданында Заң мен Тәртіп идеологемасын ілгерілету жөніндегі жоспарға сәйкес Жезді кентінде «Заң қарапайым тілмен» тақырыбында құқықтық сабақ ұйымдастырылды. Іс-шараға прокуратура ардагерлері, Полиция қызметкерлері және жергілікті атқарушы орган өкілдері қатысты.
Құқықтық сабақ Жезді кентіндегі №6 мектепте интерактивті форматта өткізілді. Оқушыларға қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік мәселелері қарапайым әрі түсінікті тілде түсіндірілді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері өз тәжірибелерінен нақты мысалдар келтіріп, жасөспірімдерге құқықтық мәдениетті қалыптастыруға ерекше көңіл бөлді.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарауды қалыптастыру және құқықбұзушылықтың алдын алу. Осындай бастамалар жастарды құқыққа жауапкершілікпен қарауға үйретіп, қоғамдағы заңдылық мәдениетін нығайтуға ықпал етеді.




