Жезқазған қаласында «112 KZ» телебағдарламасының екінші шығарылымы түсірілді. Жобаны Ulytau облыстық телеарнасы жүзеге асырып, төтенше жағдайлар қызметінің жұмысын халыққа кеңінен таныстыруды көздейді.
Түсірілім жұмыстары авиациялық ангар аумағында өтті. Бағдарлама барысында арнайы техникалардың мүмкіндіктері көрсетіліп, төтенше жағдай кезінде әрекет ету тәсілдері мен құтқарушылардың кәсіби дайындығы таныстырылды. Бұл көрермендерге қауіпсіздік шаралары туралы маңызды ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Түсірілімге Ұлытау облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Есен Байыров қатысып, өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар, бөлімшелердің материалдық-техникалық жабдықталуы мен жедел әрекет ету мүмкіндіктері туралы мәлімет берді.




