Өңірде "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік өтті. Табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғау және елді мекендердің тазалығын сақтау мақсаты ұйымдастырылған шараға өңір тұрғындары, еңбек ұжымдары, мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар мен еріктілер белсене қатысты. Жалпыоблыстық сенбілікке 150 ұжым қатысып, 2500 жуық адам жұмылдырылды. Сонымен қатар, 65 бірлік арнайы техника тартылып, нәтижесінде 420 тонна қатты тұрмыстық қалдық шығарылды.
Акция барысында көшелер, саябақтар, балалар ойын алаңдары мен қоғамдық орындар тазаланып, қоқыс контейнерлері жаңартылды. Сондай-ақ, сенбілікке қатысушылар ағаш отырғызып, гүлзарларды күтіп-баптады. Жергілікті тұрғындар мен еріктілердің ынтымақтастығы арқылы қалалар мен ауылдар көркейіп, экологиялық мәдениет деңгейі көтерілді.
Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар өз аумақтарында санитарлық тазалықты қамтамасыз етумен қатар, табиғатты қорғау бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Еріктілер арнайы акцияларда жастарды, студенттер мен мектеп оқушыларын тарта отырып, экологиялық тәрбиеге ерекше мән берді.
Бұл шара өңір тұрғындарының табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін арттыруға, қоршаған ортаны таза ұстауға және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлкен үлес қосты. Алдағы уақытта да осындай сенбіліктер тұрақты түрде өткізіліп, табиғат пен адам арасындағы үйлесімділікті нығайтуға бағытталмақ.




