Елімізде Мемлекет басшысының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы қоғамда кең қолдау тауып келеді. Бұл бастаманың негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті арттыру және ел аумағын абаттандыру.
Акция аясында еліміздің барлық өңірлерінде сенбіліктер ұйымдастырылып, көшелер, саябақтар, өзен-көл жағалаулары және қоғамдық орындар қоқыстан тазартылады. Сонымен қатар, ағаш отырғызу, жасыл желек көлемін арттыру жұмыстары да белсенді жүргізілуде.
«Таза Қазақстан» тек бір реттік шара емес, ол – халықты тазалыққа, жауапкершілікке және табиғатты аялауға шақыратын ұзақ мерзімді қозғалыс. Бұл бастамаға мектеп оқушылары, студенттер, еріктілер мен мемлекеттік қызметкерлер белсене қатысуда.
Экологиялық мәдениет қалыптасқан қоғамда ғана тұрақты даму мен жайлы өмір сүру ортасы қамтамасыз етіледі. Сондықтан «Таза Қазақстан» акциясы – болашақ ұрпақ үшін таза әрі көрікті ел қалдыруға бағытталған маңызды қадам.
Қоршаған ортаны қорғау – әр азаматтың борышы. Тазалық – тек сыртқы орта емес, ол әр адамның мәдениеті мен жауапкершілігінің айнасы.




