Бүгін «Наурызнама» онкүндігінің қорытынды күні – «Тазару күніне» орай Ұлытау облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының жаңа кезеңіне бастау беретін ауқымды тазалық шарасы ұйымдастырылды.
Экологиялық акцияға Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков қатысып, қоршаған ортаны қорғау мен тазалық мәдениетін қалыптастырудың маңызын ерекше атап өтті. Аймақ басшысы табиғатты аялау – әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін айтып, мұндай игі бастамалардың қоғам үшін мәні зор екенін жеткізді.
Іс-шара барысында қос қалада жалпы аумағы 22 гектар жер қоқыстан тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Тұрғындар, еріктілер, мекеме қызметкерлері мен жастар белсенділік танытып, ортақ іске өз үлестерін қосты. Бұл – өңір жұртшылығының туған жерге деген жанашырлығы мен жауапкершілігінің айқын көрінісі.
Барша жерлестерімізді табиғатты қорғау ісінен шет қалмай, тазалық пен тәртіпті сақтауға, туған өлкенің көркеюіне өз үлестерін қосуға шақырамыз.




