жаңалық
Вт. Мар 25th, 2025

“ҚАЗПОШТА” ҚАЙРАН ҚАЛДЫРДЫ

Жаңалықты бөлісіңіз:

2024 жылғы 16 сәуірде е -otinish арқылы “Қазпошта”АҚ Басқарма төрағасы Әсел Жанасоваға “Қазпошта” бөлімшелерінде қашан мобильді аударымдарды қабылдау жүйесі іске қосылады? Мысалы, конверт сатып алу үшін қашан Каспиголд арқылы төлем төлей аламын? Қашан халыққа қолайлы жұмыс жүйесін қалыптастырасыздар?” деген сұрақ жолдаған едім. Бұл тек мені ғана емес, көптеген адамдарды кәдімгідей толғандырып жүрген мәселелердің бірі деп ойлаймын.
Ал, менің осы мемлекеттік тілдегі сұрағыма “Начальник САДЫКОВА ЗАРИНА НУРГАЛИЕВНА” 30 сәуірде “Сторонние карты запрещены в связи с участившимися случаями мошеннических транзакций. В связи с этим оплачивать разрешено только картами АО Казпочта” деген жауап қайтарыпты. Осылайша, “Қазпоштаның ” жауабы қайран қалдырып отыр.Осыған байланысты тағы екі -үш сұрақ пайда болды. Мұны енді жария қойғым келеді.
Сұрақ: 1.Неге мемлекетік тілдегі сұраққа мемлекеттік емес тілде жауап қайтарылады?
2.Мәселені шешу орнына алаяқтарға итере салғандарыңыз қалай? Сіздің жауабыңызға қарағанда пошта тек Қазпоштаның картасын, Каспибанк тек Каспигольд және т.т. қолдануы ғана керек пе?
3.Жергілікті жерлердегі пошта бөлімшелерінде Қазпошта терминалдары жұмыс істеп тұр ма, жоқ па? Соны өздеріңіз білесіздер ме, жоқ па?

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *