
Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесі қарсаңында Ұлытау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ІІ – сессиясы болып өтті. Сессия жұмысына облыс әкімі Б.Әбдіғалиұлы қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Д.Мұханның баяндамасында облыстағы этномәдени бірлестіктердің қатары көбейе түскені атап өтілді.
– Қазіргі кезде облыста ресми тіркеуден өткен 8 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Бір жыл бұрын олардың саны алтау болатын. Қазіргі кезде жаңа бастамашыл топтар құжаттарын тіркеуге әзірлеуде. Жыл соңына шейін олар аккредитациядан өтуі тиіс -деді ол.
Сессия барысында этномәдени бірлестіктердің жұмыстарын жандандыру, олардың жобаларын гранттық қаржыландыру және т.б. өзекті мәселелер ортаға салынды.
Жиын соңында Ассамблеяның белсенді мүшелері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.