Облыстық әмбебап кітапханада полиция қызметкерлерінің қатысуымен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында мектеп оқушыларына арналған танымдық кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамдағы заң талаптарын құрметтеуге баулу.
Кездесу барысында полиция мамандары оқушыларға заң мен тәртіптің маңызы, құқық бұзушылықтың салдары және әр азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігі туралы кеңінен түсіндірді. Әсіресе жасөспірімдер арасында жиі кездесетін құқықбұзушылықтардың алдын алу жолдары мен қауіпсіз мінез-құлық ережелері жан-жақты талқыланды.
Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты әрі пайдалы жауаптар алды. Мұндай ашық форматтағы диалог жастардың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттырып, заңды құрметтеуге деген көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді.
Шара соңында ұйымдастырушылар мұндай кездесулердің маңыздылығын атап өтіп, оларды алдағы уақытта да жалғастыру жоспарланып отырғанын жеткізді. Себебі жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру – қоғамның тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің негізі болып табылады.




