Аудиторлық тексерулер
Ұлытау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2025 жылы жалпы сомасы 9 млрд 450 млн теңгені құрайтын бюджет қаражатын қамтыған 29 аудиторлық іс-шара жүргізді.
Тексерулер нәтижесінде бюджет және өзге де заңнамаларды бұзу фактілері 3 млрд 300 млн теңге сомасында анықталды.
Оның ішінде:
· қаржылық бұзушылықтар – 2 млрд 294 млн теңге;
· рәсімдік бұзушылықтар – 1 млрд 006 млн теңге.
Қабылданған шаралар нәтижесінде бюджетке 2 млрд 185 млн теңге қалпына келтіріліп, өндірілді. 29 нұсқама бойынша 26 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ 125 әкімшілік хаттама толтырылып, 10 млн теңгеден астам сомаға айыппұлдар салынды, олар толық көлемде өндірілді.
Құқық қорғау органдарына 34,3 млн теңге сомасына 4 материал жолданды. Оның екеуі бойынша қылмыстық іс қозғалып, бір материал тергеу аяқталғаннан кейін сотқа жіберілді.
Камералдық бақылау нәтижелері
2025 жылы камералдық бақылау бөлімі жалпы сомасы 199 млрд теңгені құрайтын 7130 мемлекеттік сатып алуды (лотты) қамтыды.
Есепті кезеңде 826 лот бойынша 11,1 млрд теңге сомасына бұзушылықтар анықталды. Әрбір факт бойынша мемлекеттік аудит объектілеріне бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар жолданды.
Сатып алу тәсілдері бөлінісінде:
· конкурс (аукцион) – 343 хабарлама;
· бір көзден тікелей шарт жасау арқылы – 88 хабарлама;
· баға ұсыныстарын сұрату – 395 хабарлама.
Бұл деректер бұзушылықтар барлық дерлік сатып алу тәсілдерінде орын алатынын, алайда ең көп үлес баға ұсыныстарын сұрату рәсімдеріне тиесілі екенін көрсетеді.
Анықталған негізгі мәселелер:
· бір көзден сатып алу тәсілін заңсыз қолдану;
· баға ұсыныстарын сұрату кезінде тауар белгілерін көрсету;
· техникалық сипаттаманың қазақ тілінде орналастырылмауы;
· сатып алынатын тауарлардың стандарттарының көрсетілмеуі;
· заңнамада көзделмеген біліктілік талаптарын белгілеу.
Бұл бұзушылықтар тең қолжетімділік пен адал бәсекелестік қағидаттарына тікелей әсер етеді және бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына кері ықпалын тигізеді.
Қабылданған шаралар
2025 жылы Департамент мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік салаларындағы заңнама бұзушылықтары үшін лауазымды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту жұмыстарын белсенді жүргізді.
Есепті кезеңде 251 әкімшілік іс қозғалып, жалпы сомасы 23,2 млн теңге айыппұл салынды. Барлық қаражат бюджет кірісіне толық өндірілді.
Негізгі бұзушылықтар:
· тапсырыс берушілердің жеткізушілерді жосықсыз деп тану үшін сотқа уақытылы жүгінбеуі;
· шарттарды заң талаптарын сақтамай жасау.
Сонымен қатар, 7 тәулік ішінде айыппұлдың 50%-ын төлеуге мүмкіндік беретін қысқартылған өндіріс тетігі қолданылуда. Бұл тәжірибе шешімдердің жедел орындалуына және қаржылық тәртіптің нығаюына ықпал етеді.
Қоғамдық мүдделі ұйымдармен жұмыс
Ұлытау облысы бойынша ақпараттық-есептік орталықтың деректеріне сәйкес, 77 қоғамдық мүдделі ұйымның:
· 22-сі жылдық қаржылық есептілікті ұсынбаған;
· 18-і аудиторлық есептерді жолдамаған.
Жалпы алғанда, 40 ұйым заңнама талаптарын бұзған.
Бақылау-профилактикалық іс-шаралар қорытындысы бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 239 және 250-баптары аясында шаралар қабылданды.
40 субъект әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 6,3 млн теңге айыппұл өндірілді.
Өтініштермен жұмыс
Департаменттің маңызды міндеттерінің бірі – жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сапалы әрі уақтылы қарау.
2025 жылы eOtinish бірыңғай өтініштерді қабылдау және өңдеу платформасы арқылы 461 өтініш түсті, оның ішінде:
· ауырлататын актілер қабылданды – 131;
· қолайлы актілер қабылданды – 281;
· құзыреті бойынша басқа мемлекеттік органдарға жолданды – 49.




