жаңалық
Вт. Мар 25th, 2025

Жол әзірге жөнделмейтін болыпты

Жаңалықты бөлісіңіз:

“Сәтін салса , жаз шыға Жезқазған -Қызылорда автокөлік жолы жөнделеді” деп алақанымызды ысқылап жүр едік. Ертерек желпініп кетіппіз. “Әкесі өлгенді де естіртеді “дейді ғой, иегіміз қышымасын, үміттеріңізге су сепкендей болсам да айтайын, басталмайтын болыпты. Бұл -анық хабар.

2024 жылғы 12 ақпанда Ұлытау облысының әкімі ел Президенті Қасым -Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болды.  Ақорда сайтында Б.Әбдіғалиұлының Президентке Ұлытау облысының былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп бергені хабарланды. Осы хабардағы ” Мемлекет басшысына Жезқазған – Қызылорда және Жезқазған – Арқалық жолдарының құрылыс-монтаждау, сондай-ақ Үйтас-Айдос су құбырын реконструкциялау жұмыстары басталғаны жайында баяндалды” деген жолдарды оқыған соң, Жезқазған -Қызылорда бағытындағы жолды жөндеу әні -міне басталатындай көңіліміз көтеріліп қалып еді. Өкінішке қарай, бұлай болмай шықты. Сонда облыс  әкімі ” Жезқазған – Қызылорда және Жезқазған – Арқалық жолдарының құрылыс-монтаждау жұмыстары басталғаны жайында неге сүйеніп айтқан болды?

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *