Қала аумағындағы санитарлық жағдай мен абаттандыру жұмыстарын бақылау мақсатында Ұлытау көшесінен орталық бөлікке дейінгі аумақты мердігер ұйымдармен бірге аралап шықтық.
Әрбір мердігерге бекітілген аумақтар бойынша жауапкершілік күшейтілді. Жұмыстардың сапасы мен мерзімі қатаң бақылауда.
Ұлытау көшесі бойында инфрақұрылымды жақсарту бағытында нақты өзгерістер жүзеге асырылады. Жол жиегіндегі қоршаулар алынып, көше ені шамамен 1 метрге кеңейтіледі. Бұл көлік қозғалысының қауіпсіздігі мен қолайлылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, қаланың сәулеттік келбетіне кері әсер ететін кәсіпкерлік нысандарға талдау жүргізіліп, жауапты бөлімге тиісті тапсырмалар берілді. Барлық нысандар белгіленген талаптарға сәйкестендіріліп, ретке келтіріледі.
Қала аумағындағы тазалық, тәртіп және абаттандыру мәселелері тұрақты бақылауда болады. Жұмыстар кезең-кезеңімен жүйелі түрде жалғасады.
Қаланың келбеті мен тазалығы – ортақ жауапкершілік.




