Жаңалықтар
Жұмысшы мамандықтар жылы
2025 жыл Қазақстанда Жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды. Бұл бастаманың негізгі мақсаты – ел экономикасының дамуына үлес қосып жүрген қарапайым еңбек адамдарының мәртебесін көтеру және жастарды жұмысшы кәсіптерді игеруге ынталандыру. Қазіргі таңда елдің өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, құрылыс пен қызмет көрсету салаларына білікті мамандар жетіспейді. Сондықтан мемлекет кәсіби-техникалық білім беруді дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр. […]
Мемлекет басшысы Финляндия Президентімен келіссөздер өткізді
Қаcым-Жомарт Тоқаев: – Сіздің бұл сапарыңыз айрықша маңызға ие – ол екіжақты байланыстарды дамытудың жаңа серпінін беретін маңызды әрі серпінді оқиға болып табылады. Қазақстан мен Финляндия арасында достық пен өзара ынтымақтастықтың жақсы дәстүрлері қалыптасқан. Бізде шешілмеген мәселелер жоқ, сонымен қатар…
Қазақстан мен Финляндия президенттерінің келіссөзі екі ел делегацияларының қатысуымен одан әрі жалғасты
Қазақстан мен Финляндия президенттерінің келіссөзі екі ел делегацияларының қатысуымен одан әрі жалғасты ✔️Президенттің айтуынша, Финляндия Қазақстанның Солтүстік Еуропа мен Еуропа Одағындағы басты сауда серіктесі саналады. ✔️Мемлекет басшысы Финляндияның таза энергетика, технология, цифрлық инновация, экологиялық жауапкершілік, басқару, білім беру және адам…
«Келешек мектептері» — болашаққа бағытталған ұлттық жоба
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы — білім беру саласындағы ең ірі әрі стратегиялық бастамалардың бірі. Бұл жоба қазіргі заман талабына сай, сапалы білім мен заманауи жағдай жасалған мектептерді салуға бағытталған. Бүгінгі таңда өңірлерде…
Экономиканы әртараптандыру — елдің тұрақты дамуының негізі
Экономиканы әртараптандырудың маңызды аспектілерінің бірі – инновация мен жоғары технологияларды енгізу арқылы жаңа салаларды дамыту. Мысалы, ақпараттық технологиялар, жасанды интеллект, биотехнология және жасыл энергетика секторы елдің экспорттық әлеуетін арттырып, шетелдік инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы мен жеңіл…
                        



