Ұлытау облысы аумағында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы шеңберінде ауқымды жалпыоблыстық сенбілік ұйымдастырылды. Аталған іс-шара өңірдегі санитарлық тазалықты жақсартуға және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталды.
Жалпыоблыстық сенбілікке барлық қала мен аудандардан 402 ұжым және 5200-ден астам тұрғын белсенді түрде қатысты. Тазалық жұмыстарын тиімді жүргізу мақсатында 104 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 472 тонна қатты тұрмыстық қалдық шығарылып, елді мекендердің санитарлық жағдайы айтарлықтай жақсарды.
Сенбілік барысында жалпы көлемі 212 гектар аумақ тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар қоршаған ортаны көгалдандыру мақсатында 600 түп ағаш отырғызылды. Бұл жұмыстар өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға және табиғи ортаны сақтау ісіне оң әсерін тигізуде.
Аталған экологиялық акция тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, қоғамда тазалық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етуде. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай ауқымды шаралар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.
Ұлытау өңірінің тазалығы – баршаға ортақ міндет және әрбір азаматтың жауапкершілігін талап ететін маңызды іс.




