Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы еліміздің барлық өңірінде кең көлемде жүзеге асырылуда. Президент өз сөзінде тазалық сақтау, табиғатты қорғау және туған жерге жанашырлық таныту – әрбір азаматтың міндеті екенін атап өтті.
Аталған акция аясында сенбіліктер ұйымдастырылып, көшелер мен қоғамдық орындар тазартылып, ағаш көшеттері отырғызылуда. Бұл игі іс қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастырып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға үндейді.
«Таза Қазақстан» – тек бір күндік шара емес, ол әр азаматтың күнделікті өмір салтына айналуы тиіс маңызды бастама.




