Ауыл – елдің тірегі. Сондықтан ауылдардың тазалығы мен көркеюі – жалпы елдің экологиялық ахуалының айнасы болып табылады. «Таза Қазақстан» аясында ауыл тұрғындары сенбіліктерге белсене қатысып, көшелерді, өзен-көл маңдарын, қоғамдық орындарды қоқыстан тазартуда. Сонымен қатар ағаш отырғызу, жасыл желекті көбейту сияқты игі істер де кеңінен қолға алынған.
Таза Қазақстан бастамасы ауыл жастарының да белсенділігін арттырды. Мектеп оқушылары мен студенттер экологиялық акцияларға қатысып, табиғатты қорғау мәдениетін үйренуде. Бұл – болашақ ұрпақтың экологиялық санасының қалыптасуына үлкен әсер етеді.
Ауылдарда жүргізіліп жатқан мұндай жұмыстар тек бір реттік шара емес, тұрақты үрдіске айналуда. Қоқысты сұрыптау, айналаны таза ұстау, табиғатқа жанашыр болу сияқты дағдылар күнделікті өмір салтына ене бастады.




