Бүгін Ұлытау облысы «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен ғылыми-сараптамалық топтың кезекті отырысы аралас форматта (онлайн және офлайн) өтті. Аталған жиын өңірдегі қоғамдық келісімді нығайту, этносаралық қатынастарды дамыту және жастардың ғылыми әлеуетін арттыру бағытындағы маңызды алаңға айналды.
Отырыс барысында ғылыми-сараптамалық топтың жылдық жоспарына сәйкес алдағы уақытта өткізілетін «Ғылым және болашақ – 2026» атты студенттік конференцияны ұйымдастыру мәселесі кеңінен талқыланды. Қатысушылар конференцияның негізгі мазмұны мен бағыттарын айқындап, оған қатысатын студенттер мен жас ғалымдардың құрамын, сондай-ақ ұйымдастыру жұмыстарының кезеңдерін нақтылады.
Жиын барысында этносаралық татулықты сақтау, қоғамдық келісімді нығайту және қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері де назардан тыс қалған жоқ. Сарапшылар бұл бағыттағы жүйелі жұмыстың маңыздылығын атап өтіп, тәжірибелік ұсыныстарын ортаға салды.
Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар жастардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту және ғылыми ортаға тарту жолдарын талқылады. Бұл ретте білім беру ұйымдары мен ғылыми орталықтардың өзара байланысын күшейту қажеттігі айтылды.
Отырыстың қорытындысы бойынша «Ғылым және болашақ – 2026» конференциясын жоғары деңгейде ұйымдастыруға бағытталған нақты ұсыныстар мен іс-шаралар жоспары ұсынылды. Мұндай бастамалар өңір жастарының ғылыми әлеуетін дамытуға және қоғамдық келісімді нығайтуға серпін беретіні сөзсіз.




