2026 ж. 24 сәуірде Париждегі ЮНЕСКО бас кеңсесінде 76 жастағы қазақстандық саяхатшы Сәрсенбай Қотырашовты ресми түрде қарсы алды.

Атамыздың әлемді жаяу аралау саяхатының басты мақсаты – жастың шектеу емес екенін дәлелдеу, түрлі халықтармен танысу, мәдениеттерді жақындастыру және Қазақстанды әлемге таныту. 2022 жылы қазақстанның 17 облысын жаяу аралаған алғашқы сапарының барысында Сәрсенбай ата қолөнер шеберлері туралы деректер жинап, оларды ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра саласындағы мамандарға ұсынған болатын. Сонымен қатар, ол шетелде Қазақстанның бай мәдениеті мен дәстүрлерін, әсіресе тарихы терең Ұлытаудың мұрасын насихаттап келді.
Жиhанкез атамызды күтіп алуға қатысқан Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі Асқар Абдрахманов, ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау туралы конвенцияның Хатшысы Фумико Охината және ЮНЕСКО Хатшылығының қызметкерлері, ҚР Материалдық емес мәдени мұрасы комитеті төрағасының орынбасары Рустам Музафаров оны сапарының мәресіне сәтті жетуімен құттықтап, қошемет білдірді. Сондай-ақ олар атаның қазақтың мәдени мұрасын әлемге танытуға еңбегіне жоғары баға беріп, алғыс хат пен кәдесый табыстады


Ал, Сәрсенбай ата ЮНЕСКО өкілдеріне естелікке ұста ретінде өз қолымен жасаған темір қоңырауды, сондай-ақ Ұлытау өңірі туралы танымдық материалдар мен көшпенділер мен саяхатшылардың сенімді азығы құртты сыйға тартты.
Ұлытау рухы – әлем жолында!




