Елордада өткен Наурыз мейрамы биыл ерекше форматта ұйымдастырылып, заманауи технологиялар мен ұлттық дәстүрлерді үйлестірді. Бұл бастама мерекені өткізудің жаңа деңгейін көрсетті.
Қалада 200-ден астам іс-шара ұйымдастырылып, 400 мыңнан астам адам қатысты. Онлайн платформа арқылы 1,5 миллионнан астам көрермен қамтылды.
70 цифрлық жоба мен 60 тақырыптық киіз үй келушілерге ұсынылып, ұлттық мәдениет жаңа форматта дәріптелді. Қаладағы LED-экрандар мен баннерлер мерекелік атмосфераны күшейтті.
Мәдени бағдарламаға қатысқан 300 өнерпаздың қатарында Роза Рымбаева және Уркер тобы болды.




